Жеке кәсіпкер жүргізушілер және паркпен серіктес жеке кәсіпкерлер салықтар мен жарналарды қалай және қашан төлеу керек
Соңғы жаңартпа
5 Nov 2024
Жеке кәсіпкерлер ай сайын салықтар мен әлеуметтік жарналарды/аударымдарды төлейді:
табыс салығы — өткен айдағы табыс сомасынан 1%;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ) — 5 950 ₸;
міндетті зейнетақы жарналары — 8 500 ₸;
әлеуметтік аударымдар — 2 975 ₸.
1% салық — арнайы мобильді қолданба пайдаланылатын арнайы салық режимінде ғана қолжетімді.
Егер салықтар мен әлеуметтік жарналарды уақытылы төлемесеңіз, есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кейін өсімпұл есептеледі.
ЖТС-ты қалай төлеуге болады
Салықтар мен жарналарды уақытылы төлеп отыру маңызды. Бұл заңнама талабы, осылайша сіз мерзімді өткізіп алған үшін өсімпұл алмайсыз және мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік кепілдіктерге қолжетімділікті сақтайсыз.
Салықты (ЖТС-ты) е-Salyq Business арқылы немесе сізге ыңғайлы кез келген екінші деңгейлі банк арқылы төлеуге болады.
E-Salyq қолданбасында
Егер сіз «Каспи банк» клиенті болсаңыз
Егер сіз «Халық банк» клиенті болсаңыз
Әлеуметтік жарналарды қалай төлеуге болады
Әлеуметтік жарналарды/аударымдарды екінші деңгейлі банк арқылы төлеуге болады. Әдетте, бұл ақпарат банктің қолданбасынан әлеуметтік жарналардың атауы бойынша іздеген кезде қолжетімді. Мысалы: «Әлеуметтік аударымдар», «Міндетті зейнетақы жарналары», «Міндетті әлеуметтік мед. сақтандыру аударымдары».
Сіздің банк ұсынатын функционалға қарай, әрбір әлеуметтік жарнаны бөлек төлеу қажет болуы мүмкін.