Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылар
Соңғы жаңартпа
23 Aug 2023
Сапар жасауға әсер етуі мүмкін әр түрлі мүгедектік формалары мен әр түрлі аурулар бар — барлық пайдаланушыларға сыйластықпен қарау керек, көмекке мұқтаж жандарға көмектесу және көмек сұрамаған жағдайда бәрібір көмек беруге ұмтылмау керек.
Пайдаланушы оған отырғызу кезінде, мүгедектерге арналған креслоны көтеруге немесе машинаны іздеуге көмек қажет пе екендігін көрсете алады. Бірақ, тіпті олай болмаса да, тапсырысқа келген кезде және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамды көрген кезде — ережелер бойынша әрекет етіңіз.
Жүргізуші денсаулық мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушыдан түскен тапсырысты қалай орындауы керек?
Бәрі мүгедектігі жоқ пайдаланушылардан түскен тапсырыстар сияқты орындалады — жүргізуші қажетті бағдар бойынша қауіпсіз және ұқыпты жүріп барады. Мұндай сапар кезіндегі басты қағидалар:
тек сұраған кезде ғана көмектесу,
егер пайдаланушы өзі бұл тақырыпты қозғамаған болса, мүгедектігінің себептері туралы сұрамау.
Басқа сапарлардағы сияқты сізге межелі нүктені сұрап алу керек — осылайша пайдаланушының машинаны ауыстырып алмағанына көз жеткізуге болады. Төменде — денсаулық мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушыдан түскен тапсырыс кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы нұсқаулық бар.
Егер пайдаланушыға көмек қажет болса, оны дұрыс көрсеткен абзал:
Отыруға көмек — егер пайдаланушы өзі сұраса ғана;
Жүк немесе арбаны көтеруге көмек
Егер жолаушы өзі сұраса, оны шығарып салу, есікті ұстап тұру.
Балалармен сапар жасау кезінде жолда жүру ережелерінің талаптарын ұстаныңыз: қажет болса, кресло немесе бустер қолданыңыз.
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың тапсырыстары неліктен «Ересектерге/балаларға көмек» тарифі болмаса да кез келген жүргізушіге келуі мүмкін?
Сыйластықпен қарау және көмек беруге даярлық — сервис стандарты. Біз пайдаланушыларды денсаулық шектеулері бар және жоқ деп ажыратпаймыз.
Сапар кезінде туындауы мүмкін әр түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керек?
Тапсырыс уақыты ұлғайған. Сапардың басталуын автокөлік қозғалған сәтте белгілеңіз. Егер пайдаланушыны отырғызу үш минуттан артық уақыт алса — ақылы күту режимі қосылады.
Салонның жолаушылар отыратын жерлері бүлінген. Фото мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жіберіңіз және химиялық тазалауға промокод алыңыз.
Медициналық көмек. Егер сапар кезінде жолаушының халі нашарлап кетсе, жол ережелеріне сәйкес тоқтаңыз да, «жедел жәрдем» шақыртыңыз. Жүргізуші дәрігерлер келгенге дейінгі алғашқы көмекті тек арнайы дайындықтан өткен жағдайда ғана көрсете алады.
Егер сізге біз жазбаған жағдайлар кездескен болса — өз тәжірибеңіз жайлы қолдау қызметіне жазуды өтінеміз. Біз тізімді толықтырамыз — бұл басқа жүргізушілерге осындай сапарларға жақсылап даярлануға көмектеседі.
Қай кезде жүргізуші сапардан бас тарта алады?
Жүргізуші қажетті сервис деңгейін көрсете алмайтын кездер болады. Мысалы, мүгедектерге арналған кресло жүксалғышқа сыймайды немесе пайдаланушыға физикалық көмек керек, бірақ сіз денсаулық жағдайыңызға байланысты ол көмекті көрсете алмайсыз. Егер осындай жағдай орын алса, пайдаланушыдан қолдау қызметіне хабарласуды сұраңыз, тапсырыстан өзіңіз бас тартыңыз және себебін чат арқылы жазыңыз. Дәлелді себеппен сапардан бас тарту сіздің Белсенділік деңгейіңізге әсер етпейді. Тапсырыс жасалған сәттен бастап бір ай ішінде қолдау қызметіне жазыңыз — ұпайларыңыз қалпына келеді.
Бас тартуға болатын себептер:
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі баланы тасымалдау үшін әдепкі кресло жарамайды, ал арнайы кресло жоқ,
пайдаланушыны мүгедектерге арналған креслодан автокөлік салонына көтеріп отырғызуға көмек керек, бірақ жүргізуші денсаулық жағдайына байланысты оны жасай алмайды,
мүгедектерге арналған кресло жүксалғышқа сыймайды,
мүгедектерге арналған кресломен бірге жүксалғышқа немесе салонға пайдаланушының басқа жүгі сыймай жатыр.
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардан тапсырыс алғым келмейді. Бұл қандай салдарға әкелуі мүмкін?
Дәлелді себептерсіз бас тарту және пайдаланушылардың шағымдары бұл жерде басқа тапсырыстардағы сияқты әрекет етеді. Алдымен — ескерту жібереміз. Егер ережені қайтадан бұзсаңыз — басымдық төмендетіледі.