Сапар кезіндегі жүргізушілердің қауіпсіздігі
Соңғы жаңартпа
27 Nov 2023
Сервистің бірден бірнеше технологиясы мен шешімдері тапсырыстар кезінде — сапар толықтай аяқталғанға дейін жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Телефон нөмірін қорғау
Softswitch технологиясы қолданба арқылы қоңырау шалған кезде жүргізушінің нағыз телефон нөмірін жасырады. Ауыспалы нөмір тапсырыс аяқталғанша дейін және содан кейін аздаған уақыт бойы әрекет етеді, ол, мысалы, жолаушы салонда заттарын ұмытып кеткен жағдайда жүргізушіге хабарласа алу үшін керек.
Бағдарды тағайындау
Навигация алгоритмдері бағдардың әлеуетті қаупін бағалап, сапардың ұзақтығы, қозғалыс қарқындығы және Яндекс Навигатор пайдаланушыларының бағдар бойындағы апаттар туралы хабарламалар тарихын ескеріп отырады.
Оқиғалардың белсенді детекциясы
Яндекс Про қолданбасы орнатылған смартфонның датчиктерінен түсетін ақпарат кенеттен туындаған шұғыл тежелісті анықтауға мүмкіндік береді — мұндай жағдай жол-көлік оқиғасы кезінде орын алуы мүмкін. Егер біз мұндай сигналды анықтасақ, жүргізушіге қоңырау шалып, бәрі дұрыс екенін растауды өтінеміз.
Өмір мен денсаулықты сақтандыру
Әрбір сапар кезінде жүргізушінің өмірі мен денсаулығы сервис тарапынан жол-көлік оқиғалары жағдайларынан сақтандырылған. Сақтандыру жағдайы орын алған кездегі максималды төлем — 4 000 000 ₸.
Әлеуетті қаупі бар сценарийлердің мониторингі
Егер тапсырыс кезінде, әсіресе, түнгі сапарлар кезінде бірдеңе жоспардан тыс жүріп жатса — мысалы, бағдардан елеулі түрде ауытқып кетсе, ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрса немесе сапар Б нүктесінен алыста аяқталса, біз жүргізушіге және оның жолаушысына хабарласып, себебін сұраймыз.
«Жанжал» батырмасы
Жүргізуші қолданба арқылы тапсырыс кезінде салонда болып жатқан жағдайдың аудиожазбасын жасай алады. Ол үшін тапсырыс карточкасында «Жанжал» батырмасы бар.
Сапар төлемін бақылау
Қолма-қол ақшамен төленетін сапар. Егер пайдаланушыда қолма-қол ақшамен төленетін сапарлар үшін төлемей кеткен эпизодтар болса, қолданбадағы төлем тәсілдерінде оған қолма-қол ақшамен төленетін сапарды таңдау мүмкіндігі шектеледі. Тапсырыс беру үшін ол тек қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана алады, ал сапар үшін сома ол машинаға тапсырыс берген кезде бірден шегеріледі. Егер шотта ақша жеткіліксіз болса, тапсырыс тоқтатылады. Пайдаланушы қолма-қол ақшасыз төлем шотын толтыру керектігі туралы хабарлама алады, тек содан кейін ғана қайтадан тапсырыс бере алады.
Егер қолма-қол ақшамен төленетін сапар төленбесе, жүргізушіде қолдау қызметіне хабарласу мүмкіндігі болады.
Қолма-қол ақшасыз төленетін сапарлар. Пайдаланушыда қолма-қол ақшасыз төленетін сапарлар үшін қарыз пайда болса, ол келесі сапарға алдыңғы сапарлар үшін қарызын өтегеннен кейін ғана тапсырыс бере алатындығы туралы хабарлама алады. Сервис серіктестерге төленбей қалған қолма-қол ақшасыз төленетін тапсырыстардың өтемақысына кепілдік береді. Әдетте, өтемақы сапар аяқталғаннан кейін 30 минуттан кешіктірілмей аударылады. Кейбір сомаларды тексеру үшін қосымша уақыт керек болады.
Сапар қорытындылары бойынша бағалау
Жолаушылар сияқты жүргізушілер де сапарлар үшін баға қоя алады. Осы бағалардың негізінде өзара рейтинг қалыптасады. Ол даулы және жанжалдық жағдайларды қарастыру кезінде ескеріледі.
Желідегі уақытты бақылау
Жүргізуші тапсырыстарды шаршаған күйде орындамас үшін қолданба оған үзіліс жасау қажет уақыт пен одан кейін қай кезде тапсырыстарға оралуға болатындығын алдын ала ескертеді. Демалу кезінде қолданба арқылы тапсырыстарға қолжетімділік шектеледі.