Алгоритмдер әділетсіз қойылған бағалардан қалай қорғайды
Соңғы жаңартпа
27 Nov 2023
Әрбір сапар жүргізушінің шеберлігі мен кәсіпқойлығын көрсетеді. Оларды назарсыз қалдырмау үшін пайдаланушылар сапарға баға қоя алады. Сервис тек әділетті қойылған бағалардың есепке алынып отыруын арнайы ойластырып қойған, ал әділетсіз бағалар жүргізушінің рейтингіне әсер етпейді.
Қорғау қалай істейді
Арнайы алгоритм пайдаланушы сапар үшін нашар бағаны әділетсіз түрде қойған сәттерін анықтайды. Мына жағдайларда алгоритм сапарға қойылған төмен бағаны есептемейді:
егер пайдаланушы төмен бағаларды тым көп қойып жүрсе;
егер пайдаланушы қолдау қызметіне жиі жазып, жеңілдік беретін промокод сұрап жүрсе;
егер пайдаланушы нашар бағаны тек «машинаның моделіне көңілі толмағандықтан» қойған болса.
Осы жағдайларды ескере отырып, төмен баға әділетсіз болып танылады және жүргізушінің рейтингін есептеу кезінде ескерілмейді.
Уақыт өте келе, жүйе әділетсіз бағаларды барынша мұқият алып тастап отыру үшін басқа да факторларды есепке ала бастайды.
Жүргізушінің рейтингі соңғы 150 бағадан құралады, баға қаншалықты «жаңа» болса, ол рейтингке соншалықты қатты әсер етеді. Егер соңғы баға нашар болса, сіз оны келесі сапарлар кезінде жоғары баға алу арқылы түзете аласыз.
Қолдау қызметінің қызметкерлері рейтингке әсер ете алмайды, олар қойылған бағаны алып тастай алмайды. Алгоритм қандай бағалардың қате қойылғанын, қайсысы әділетті қойылғанын автоматты түрде анықтап отырады.