Қауіпсіздік белдігін тағып отыру неліктен маңызды
Соңғы жаңартпа
4 Apr 2023
Узнайте, на сколько процентов ремень безопасности снижает риск травмироваться и как пассажир может спасти жизнь водителю.
Неліктен қауіпсіздік белдігін тағып отыру керек
Бұл не үшін қажет — жауабын жолдағы апаттар статистикасынан табуға болады. «Қауіпсіз қозғалыс» сарапшылар орталығының деректері бойынша, жалпы әлемдік көрініс мынадай екен:
80 км/сағ жылдамдықпен жасалған апат кезінде жолаушының салмағы 80 есе ұлғаяды, сондықтан зақым алу қаупі арта түседі. Қауіпсіздік белдігі апат салдарын азайтады.
Алдыңғы орындықтағы қауіпсіздік белдігі жолаушының өмірін апаттардың 50%-да құтқарады.
Бүйірден соққы алған кезде тағулы тұрған қауіпсіздік белдіктері өлім және ауыр зақым алу қаупін 1,8 есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Бетпе-бет соқтығысқан кезде өлім және ауыр зақым алу қаупі 2 есе төмендейді. Мұны мына жерден көруге болады:
Егер машина аударылып қалса, өлім және ауыр зақым алу қаупі 5 есе төмендейді. Айырмашылығы қандай екенін қараңыз:
Жолаушыға қауіпсіздік белдігін тағуды айту не үшін керек
Қауіпсіздік белдігін тақпай сапар жасау — жолда жүру ережесін бұзу болып табылады: жүргізуші машинадағы барлық жолаушылардың белдік тағып отыруы үшін жауап береді (593 бап).
Қауіпсіздік белдігін тақпай отырған үшін айыппұл алуға болады:
егер жүргізуші белдік тақпай отырса, айыппұл — 5 АЕК (14585 теңге) (жолда жүру ережелерінің 2.1.5 тармағы)
егер жолаушы белдік тақпай отырса, онда жолаушы да 5 АЕК (14585 теңге) мөлшерінде (Әкімшілік кодекстің 593 бабы, 2 тармағы), жүргізуші де 5 АЕК (14585 теңге) мөлшерінде (қауіпсіздік белдігін тақпай отырған жолаушы тасымалы үшін, Әкімшілік кодекстің 593 бабы 1 тармағы) айыппұл алуы мүмкін.
Жолаушының қауіпсіздік белдігі жүргізушінің өмірін құтқарады: егер артта отырған жолаушылар белдік тағып отырса, алда отырғандардың 80%-ы аман қалатын еді. Міне көрнекі түрде салыстыру:
Артта отырған қауіпсіз деп есептеу жалған: тіпті аздаған жылдамдықпен бетпе-бет соқтығысқан кезде қауіпсіздік белдігін тақпай отырған жолаушы алға шығып кетеді, өзі зақым алады және алда отырғандарды зақымдайды.
👉 Жолаушыға белдік тағу керектігі туралы сыпайы түрде ескертіңіз. Мұның маңызды екенін түсіндіріңіз. Мысалы, былай: «Қауіпсіздік белдігін тағуды өтінемін. Бұл жолда жүру ережелері бойынша қажет және сізді қорғауға көмектеседі».
Желіге шығар алдында қауіпсіздік белдіктерінің жұмыс істеп тұрғанын тексеріп алыңыз. Белдіктің барлық бөліктерінде ақау болмау керек, жолаушы белдікті оңай таба және таға алуы керек: дұрыс тағылып, дұрыс тартылуы тиіс, бірақ шұғыл қозғалыс кезінде бекітілуі керек.
Біз қауіпсіздік белдіктерін қалай тексереміз
Фотобақылау кезінде біз қауіпсіздік белдіктерінің қандай жағдайда екенін міндетті түрде қараймыз. Егер олар сынған, жасырылған немесе мүлде болмаса, онда машина тапсырыстарды орындауға жіберілмейді.
Сондай-ақ, жолаушылардан түскен шағымдарға және құпия сатып алушылардың тексерістеріне назар аударамыз.
Тағылған және дұрыс істеп тұрған белдік — бұл сервис стандарттарының міндетті талабы. Егер оларды ұстанбайтын болсаңыз, сіздің қолданбаны пайдалану мүмкіндігіңіз шектелуі мүмкін.
Суреттер мен видеолардың дереккөздері: YouTube, YOUCAR арнасы және zerofatalities