Барлық сапарлар жол-көлік апаты жағдайына сақтандырылған
Соңғы жаңартпа
15 Jul 2024
Біз Яндекс Такси және Uber арқылы жасалған барлық сапарларды қауіпсіз етуге тырысамыз, алайда, егер әлдебір жағдай орын алса — сіз бен жолаушылар үшін тегін сақтандыру әрекет етеді.
Жол-көлік апаты жағдайына сақтандыру қалай әрекет етеді
Сақтандыру тегін және сіз Қазақстанда Яндекс.Такси мен Uber KZ сервистерінің көмегімен орындайтын барлық тапсырыстарға автоматты түрде таралады.
Ол сіз «Жолда» батырмасын басқан кезде әрекет ете бастайды және сіз сапарды аяқтаған кезде — «Аяқтау» батырмасын басқан кезде әрекет етуін тоқтатады. Яғни, сақтандыру сіз жеке шаруаларыңыз бойынша тапсырыстан тыс бір жаққа бара жатқан кездерге таралмайды.
Апат кезінде салонда болған жүргізушінің және барлық жолаушылардың өмірі мен денсаулығы сақтандырылған.
Автокөліктің бүлінген жерлерін сақтандыру қамтымайды.
Сақтандыру компаниясы қанша төлейді
Максималды сақтандыру төлемі — 4 000 000 теңге. Бірақ, әрбір нақты жағдай бойынша қорытынды соманы сақтандыру компаниясы өз ережелеріне сәйкес өзі анықтайды. Төлем мөлшері жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші қандай зақым алғанына тәуелді.
Жол-көлік оқиғасы орын алған жерде не істеу керек
Егер апат кезінде зақым алғандар бар болса, құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз: 112. Апат орнына полиция және жедел жәрдем қызметі келеді. Егер жедел жәрдем сізді полиция келгенге дейін емханаға алып кетсе, алаңдамаңыз — дәрігерлер сізді апат орнынан алып кеткенін хабарлайды.
Егер сіз зақым алмасаңыз, полицияның келгенін күтіңіз және жол-көлік оқиғасын талдау қай жерде және қашан болатынын сұрап біліңіз.
Яндекс Такси қолдау қызметіне міндетті түрде хабарласыңыз. Біздің қызметкер тапсырысты аяқтауға көмектеседі және өтінімді сақтандыру компаниясына жібереді.
Төлемді қалай алуға болады
Яндекс.Такси қолдау қызметіне өтінім жіберіңіз — осылайша біз сақтандыру компаниясына өтінім ресімдей аламыз: ӨТІНІМ ЖІБЕРУ
Біз деректерді сақтандыру компаниясына жібереміз. Сақтандыру компаниясының қызметкері сізге хабарласып, қандай құжаттар керек екендігін айтып береді.
Құжаттар сақтандыру компаниясына жіберілген кезде олар сіздің жағдайыңызды қарастырады. Егер бәрі дұрыс болса — 2 апта ішінде сақтандыру компаниясы сіздің банктік шотыңызға өтемақы аударады.