Біз стандарттарды қалай қадағалап отырамыз: фотобақылау
Соңғы жаңартпа
30 Sep 2024
Фотобақылау — бұл тапсырыстарды алу мүмкіндігін ашатын немесе ұзартатын, автокөлік немесе құжаттарды қашықтан тексеру.
Фотобақылаудан сәтті өту үшін мыналарды естен шығармау керек:
ҚР аумағында сервис тапсырыстарымен жұмыс істеу тек қазақстандық мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар автокөліктерге рұқсат етілген.
Сервис тапсырыстарымен жұмыс істеуге кем дегенде 4 есігі бар автокөліктер жарамды.
Автокөлікті фотобақылаудан өткізу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Машинаны дайындап, Яндекс Про-ның көмегімен оны суретке түсіру жеткілікті — қолданбада кеңессөздер болады.
Сіздің парақшаңызда көрсетілген автокөлікті ғана суретке түсіруге болады.
Жарық кезде немесе жақсы жарықтандырылған орында суретке түсіруге тырысыңыз (СО тұрағында, ашық тұрақта, көше шамдарының астында). Егер фотосуреттерде салон немесе шанақ элементтері көрінбей тұрса немесе нашар көрініп тұрса, түсірілім кезінде жарқылды пайдаланыңыз.
Біз бұлыңғыр, күңгірт немесе жарық түсіп кеткен суреттерді, тұнықтығы төмен фотосуреттерді, басқа электрондық құрылғылардың, қолданбалардың экранынан немесе ескі фотосуреттерден түсірілген суреттерді, сондай-ақ, түзету немесе ретушь жасалған фотосуреттерді тексеруге қабылдамаймыз.
Егер сізде брендинг немесе балаларға арналған кресло бар болса — оларға бөлек фотосессия қажет.
Әдетте, машина мен құжаттарды фотобақылау 10 күнде бір рет түседі. Егер таксопарк деректерді өзгертсе немесе сервис сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін қосымша тексеріс қажет болса, жүйе одан ертерек өтуді сұрауы мүмкін.
Егер фотобақылаудан уақытылы өтпесеңіз, тапсырыстарды алу мүмкіндігі уақытша жабылады. Ол тексерістен сәтті өткеннен кейін қалпына келеді.
Яндекс Про қолданбасының қай жерінен фотобақылауды табуға болады және тексеруді қалай қосу керек