Сапа стандарттарын ұстанып, басымдықты қалай сақтау керек
Соңғы жаңартпа
23 Aug 2023
Сапа стандарттары — бұл Яндекс Про арқылы тапсырыстар орындайтын кәсіпқой жүргізушілерге арналған ережелер. Стандарттар әрбір тарифте бар. Сіз олар туралы сайттың арнайы бөлімінен біле аласыз.
Сапа стандарттарын ұстанған кезде, сіздің басымдығыңыз сақталады немесе артады.
Жүргізуші стандарттарды қалай ұстанатындығын біз тексерістер кезінде қараймыз. Олар тарифке байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сервис стандарттардың сақталуын қалай тексеретіндігі жайлы мына жерден білуге болады.
Біз сапарлардың қалай өтетіндігі және стандарттардың қалай сақталатындығы туралы басқа тәсілдермен де біліп отырамыз:
Сапар соңында пайдаланушылар қоятын бағалар бойынша.
Пайдаланушылар қалдырған пікірлер бойынша. Олар оң немесе теріс пікір қалдыруы мүмкін.
Жүргізушінің стандарттарды бұзғаны анықталған кезде оның басымдығы бірнеше ұпайға төмендеуі мүмкін, одан кейін тапсырыстарды алу мүмкіндігі шектеледі.