Премиум санатты тарифтердегі тапсырыстарға қалай қолжетімділік алуға болады
Соңғы жаңартпа
3 Mar 2025
Сізге бірнеше қиын емес кезеңдерден өту керек. Төмендегі нұсқаулықты орындап, смс арқылы келген ақпаратқа назар аударыңыз.
1. Автокөлігіңіз тапсырыстарды орындауға жарайтынын тексеріп алыңыз
Бүкіл қажетті талаптар автокөліктер жіктемесінде бар:
2. Сапа стандарттарын оқып шығыңыз
Дресс-кодқа қатысты талаптарды мұқият қарап шығыңыз. Сізге оларды күн сайын ұстанып жүру керек:
3. Яндекс Про-дағы парақшаңызда «Бизнес» тарифін іске қосыңыз
Яндекс Про-дағы тарифтер бөлімінде тарифке қарама-қарсы тұрған тетікті оңға жылжытыңыз. Автокөлігіңіз тарифке сай екенін растаңыз. Мобильді қосымша сізге арнайы курстан өтуді ұсынады.
4. Курсты қарап шығып, Яндекс Про-да тестілеуден өтіңіз.
Курсты қарар алдында желіден шығуды ұмытпаңыз: егер тапсырысқа немесе басқа бірдеңеге көңіл бөлсеңіз, курсты қайтадан түгел өтіп шығуға тура келеді. Курстан кейін шағын тесттен өтіңіз.
5. Видео-сұхбаттан өтіңіз
Егер тестті тапсырсаңыз, біздің қызметкермен сұхбат күні мен уақытын таңдай аласыз. Ол сізге Яндекс Про арқылы қоңырау шалады. Тағайындалған кезде мобильді қосымшаға кіріп, қоңырауды күтіңіз.
6. Автокөлікті көзбе-көз тексерістен өткізіңіз
Егер сұхбат сәтті өтсе, сізге автокөлікті көзбе-көз тексерістен өткізуге болатын жер туралы ақпараты бар смс келеді.
7. Яндекс Про-дағы парақшаңызға фотосурет жасаңыз
Бұл фотосуретті пайдаланушылар өз мобильді қосымшасынан көреді. Ол болмаса, тапсырыстарға қолжетімділік шектелуі мүмкін.
Фотосуретті белгіленген үлгі бойынша жасау қажет. Біз өзгеше жасалған фотосуретті қабылдай алмаймыз.
Осы нұсқаулықты парк қызметкерлеріне немесе фотоательеде көрсетуді ұмытпаңыз: